Павлодарда көлік әйнектерін қараңғылаған жүргізушілер анықталды

Фото: unsplash
Павлодарда техникалық талаптарға сәйкес келмейтін, қараңғылатылған әйнектері бар көлік құралдарын басқарғаны үшін 31 жүргізуші жауапқа тартылды.

Мамандардың айтуынша, қараңғылатылған әйнектер жүргізушінің жолдағы көрінісін едәуір шектейді. Бұл – барлық жол қозғалысы қатысушысы үшін қауіп төндіреді.

Әсіресе, алдыңғы және алдыңғы бүйірлік әйнектердің ашық болуы – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Бұл әйнектерге жапсырылатын пленкалар, перделер немесе басқа да жабындар – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы болып саналады.

Қолданыстағы талап бойынша, әйнектің жарық өткізгіштік деңгейі кемінде 70 пайыз болуы тиіс.

Мұндай стандарт тек зауытта жасалған әйнектерге ғана қатысты, кейіннен жапсырылатын пленкалар бұл талапқа сай келмейді.

Алайда кейбір көлік жүргізушілері күннен қорғану немесе ыңғайлы болу мақсатында жол ережесін елемей, алдыңғы бүйірлік әйнектерге қараңғылататын пленкалар жапсырып алады.

Алайда мұндай көліктерді жол қозғалысына пайдалануға тыйым салынған. Жуырда өткен рейд барысында полиция қызметкерлері BMW автокөлігін тоқтатты.

Оның алдыңғы бүйірлік әйнектеріне техникалық регламентке сай келмейтін қараңғылатылған жабын жапсырылғаны анықталды. Автокөлік иесі жауапқа тартылды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын бұзбауға шақырады.

Алматы
Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды