Қазақстан мен ТМД елдерін сан соқтырған кезекті қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Matic Basket" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылар өздерін "YouTube", "WhatsApp" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды "Matic Basket" жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.

Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі