Алматыда ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдіктіні ұстады.

Қылмыс жекеменшік тұрғын үйге терезені ашу арқылы кіру жолымен жасалған. Күдікті бағалы заттар мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның қаладағы басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Пәтер ұрлығы мүліктік қылмыстардың ең жиі кездесетін түрлерінің бірі болып қала береді. Біз қаскөйлердің әрекет ету тәсілдерін, соның ішінде үйлер мен пәтерлерге кіру әдістерін жүйелі түрде зерттеп, талдаймыз. Азаматтар алдын алу шараларын ұмытпауы керек: кіреберіс есіктерді нығайтып, әсіресе төменгі қабаттарда терезелерді ашық қалдырмауы, мүмкіндігінше бейнебақылау немесе дабыл жүйесін орнатуы қажет", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Полиция мүліктік қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел жұмыстарды жалғастырып, азаматтарды қырағы болуға, күдікті жағдайлар туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек