Алматыда жылу құбырларын ауыстыруға байланысты Ақан Сері көшесінде қозғалыс шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда 1983 жылы салынған құбырды ауыстыруға байланысты Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын 1983 жылы пайдалануға берілген жылу желілері ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылы 18 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 21 шілде күні сағат 06:00-ге дейін Ақан Сері көшесінің Котельников көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Шектеулер жол бөлігіндегі құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген кезеңде тұтынушыларға ыстық су үздіксіз жеткізіледі.

Аталған жылу желісі 90 көпқабатты тұрғын үйді, 5 жеке тұрғын үйді, бір мектепті және бір қосымша нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Еске саламыз, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

"Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді