Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын жазаланды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
14 шілдеде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында заңсыз аңшылық дерегін анықтады.

Полицейлер Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында далалықта бұланға ұқсас жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды байқады.

Тексеру барысында 30 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысып, бұланды атып алғанын айтты. Күдіктінің Lada-21214 автокөлігінен тіркелген ойық ұңғылы карабин қаруы табылып, тәркіленді. Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды. Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатқа құрметпен қарауға және жануарлар дүниесін қорғауға шақырады. Тәртіп сақшылары браконьерлік фактілері анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті