Бүгін Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін екені ескертілді
Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздегі қалалар бойынша 2026 жылғы 13 қыркүйекке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайлардыі болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"13 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 13 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript