Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 6 кыркүйекке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар бойынша ескертуді жариялады. Оған сәйкес, еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады, деп хабаршлайды Zakon.kz.
"6 қыркүйекте Астана, Алматы, Теміртау, Қарағанды, түнде Жезқазған, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 6 қыркүйекте еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатынын болжаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript