Қазақстандық әйел үйін сатып, такси жүргізушісі арқылы алаяқтарға ақша аударған

Фото: unsplash
Қазіргі таңда интернет-алаяқтық – қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі. Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға, бөтен адамдардың сөзіне сене бермеуге үнемі шақырып келеді.

Алайда жәбірленушілер саны күн санап артуда.

Жыл басынан бері Павлодар облысы бойынша 1137 интернет-алаяқтық дерегі тіркелсе, оның 830-ы Павлодар қаласының өзінде орын алған. Бұл — алаңдатарлық көрсеткіш.

Екі жағдайда да алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде өзін таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, оларды алдап соққан.

Манипуляция, сенімге кіру — қаскүнемдердің негізгі қаруы болған. Әйел адамның ұялы телефонына 1414 қызметінен хабарлама келген. Аз уақыттан кейін өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз ер адам хабарласып, оның атына несие рәсімделіп жатқанын айтқан.

Қаржысын "сақтап қалу үшін", әйел оның нұсқауы бойынша өзі несие рәсімдеп, 15 миллион теңгеден астам соманы алаяқ ұсынған шотқа аударып жіберген.

Павлодар қаласының тұрғынына №2 емханадан флюорографиядан өту қажеттігі туралы хабар келіп түседі. Біраздан соң басқа біреу хабарласып, өзін Ұлттық банктің қызметкері Алексей Мальцев деп таныстырады. Ол әйелдің атына жалған несие рәсімделіп жатқанын айтып, сенім тудырады. Әйел банктерден несие алуға әрекеттенгенімен, нәтиже болмайды.

Сол кезде алаяқтар оған "қаржысын сақтап қалу үшін" өзіне тиесілі пәтерді сатуды ұсынады. Тұрғын бұл ұсынысқа келісіп жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы үйін сатып, түскен ақшаны алаяқ жіберген такси жүргізушісіне табыстайды.

Полиция азаматтарды тағы да қырағы болуға шақырады:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі