5 мың теңгелік банкнотты жалғаннан қалай ажыратуға болады

Сурет: YouTube/nationalbank_kz
ҚР Ұлттық банкі 2025 жылдың 21 шілдесі қарсаңында ел тұрғындарына жалған банкноттарға қатысты маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтарға Ұлттық Банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады.

Жалған банкноталар, әдетте, кәдімгі офсеттік қағазға түрлі түсті принтер арқылы және компьютерлік техниканың көмегімен жасалады.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Микротекстер бұлыңғыр келеді және ұлғайтқан сайын анықтығын жоғалтады.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Жалған банкнотада сутамғы белгісі жоқ.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Патч элементінің көлемді бейнесі жоқ және кәдімгі бояумен басылған, күн белгісі сәулесінің жан-жаққа шашыраған голографиялық әсері мен номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері болмайды.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қорғаныш жібі динамикалық және түсін өзгерте алатын әсерден ада, әрі жарыққа тосып қарағанда тұтастығы байқалмайды.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Шынайы банкноталарда көзбен қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтында танысуға болады:

"Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады." ҚР Ұлттық банкі

Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды