Алмалы ауданы аумағында Жамбыл көшесінің бір бөлігі 31 тамызға дейін жабылады

Фото: Zakon.kz
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алмалы ауданында жылу желілерін жоспарлы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс аясында 1977 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 760 метр болатын жылу желілері ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылдың 24 шілдесінен 31 тамызына дейін Алмалы ауданында Жамбыл көшесі бойынша Мұқанов көшесінен Мұратбаев көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы жабылады.

Құбыр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары кезінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалысқа шектеу қойылады. Қайта жаңғырту кезеңінде тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған жылу желісі 5 көпқабатты тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді және тағы 4 өзге нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" пен "Яндекс карта" сервистерінде жарияланған. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды