Қазақстанда еңбек кітапшасы кімге және не үшін қажет

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 24 шілдеде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметі еңбек кітапшасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Қазіргі таңда еңбек кітапшасы қажет пе? Зейнетақы есептеу үшін еңбек өтілін кім және қалай растауға тиіс?

– Еңбек кітапшасының қажеттелігі мәселесі көп азамат, әсіресе зейнет жасына жеткендер үшін әлі де өзекті. Қазіргі уақытта еңбек өтілі электрон түрде де тіркеледі, алайда кей жағдайларда қағаз құжаттар әлі де маңызды рөл атқарады.

"Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" сәйкес, еңбек өтілі еңбек кітапшасы арқылы расталады. Егер кітапша болмаса немесе онда тиісті жазбалар жоқ болса, еңбек өтілі жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттар немесе сот шешімі негізінде анықталады.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексі бойынша еңбек қызметін растаудың бір жолы — міндетті зейнетақы жарналарының тұрақты аударымын көрсететін жеке зейнетақы шотының үзіндісі болуы мүмкін.

"2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбек қызметінің электрон есебі енгізілген. Жасалған және тоқтатылған еңбек шарттары туралы барлық мәлімет автомат түрде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне түседі".

2. Еңбек кітапшасын сақтау керек пе?

– Жоғарыда айтылғандай, еңбек кітапшасы базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілін растауға қажет болуы мүмкін.

2025 жылғы 30 маусымда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жастарға еңбек кітапшасының қажеті бар ма деген сұраққа:


"Бұл архаизмнен арылуымыз керек", - деп жауап берген еді.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды