Қазақстандық жеке сот орындаушылары мемлекеттен жарты миллиард теңгенің табысын жасырған
Фото: Zakon.kz
Павлодар облысының прокуратурасы жеке сот орындаушылары арасында салық заңнамасының жаппай бұзылғанын анықтады. Тексеру барысында олардың нақты табыстарын жүйелі түрде жасырып келгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 21 қыркүйекте қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.
Салық тәртібіне жүргізілген талдау нәтижесінде өңірде тексерілген 73 жеке сот орындаушысының 53-і нақты табыстарын жасырып, есептілікте көрсетпегені анықталды.
Прокуратура араласқаннан кейін заң бұзушылар жалпы сомасы 535,6 млн теңге болатын табыстарын ерікті түрде декларациялады.
"Камералдық бақылау қорытындысы бойынша бюджетке 53 млн теңгеден астам жеке табыс салығы есептеліп, төленді. Сонымен қатар салықтарды уақтылы төлемегені үшін 10,2 млн теңге өсімпұл өндірілді", – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript