БҚО-да жеке сот орындаушы тергеліп жатыр

Жеке сот орындаушы, БҚО, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 11:44 Сурет: zhso.kz
Батыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде түскен ақшалай қаражатқа билік ету тәртібін бұзып, өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңгені аудармаған, сондай-ақ 9,8 млн теңгені негізсіз үшінші тұлғаның шотына аударған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеп-тексеру барысы прокуратураның бақылауында.

Тергеу нәтижелері бойынша қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңда көзделген шаралар қабылданатын болады.

Бұған дейін Алматы облысында экс-шенді алаяқтық бабымен сотқа тартылып жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: