Ресейдегі Ан-24 апаты: құлаған ұшақта болуға тиіс әйел аман қалды

Сурет: wikimedia
Ресейдің Амур облысында апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының жолаушылары тізімінде болған әйел соңғы сәтте ұшудан бас тартып, аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол "Известия" басылымына айтып берген.

"Немерем ауырып қалды, сондықтан үйге қайтып келдім. Ұшпай, балаларыммен бірге болуды жөн көрдім", - деді әйел.

Ол қазіргі уақытта Тында қаласына пойызбен бара жатқанын айтты.

Ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ екені қазір нақты белгілі.

Еске салайық, 2025 жылғы 24 шілдеде Хабаровск – Благовещенск – Тында бағытымен ұшып бара жатқан Ан-24 ұшағының жоғалып кеткені белгілі болды. Кейін оның сынықтары Амур облысындағы Тында қаласынан 15 шақырым жерде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 49 адам болған: 38 ересек, 5 бала және 6 экипаж мүшесі. Апатқа техникалық ақау мен адами фактор себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды