Ерболат Әбілхатин Қазақстанда еңбек тәуекелдерінің картасы жұмыс істейтінін хабарлады. Ал тәуекелдердің бірі – жалақы мен зейнетақы жарналары бойынша берешек.
"Бүгінде республика бойынша қарыз 873 млн теңгені құрайды. Қарыздың ең көп өсімі Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарында байқалады", – деді ол.
Бұл жағдай, оның айтуынша, кейде объективті себептерге байланысты туындайды. Мысалы, қосалқы мердігерлермен жұмыс істейтін өнімді жеткізушілер жалақыны жұмысшыларға уақытында тікелей аудармаса.
"Өндіріп алудың нұсқалары бар – бұл сотқа жүгіну. Кәсіпорындардың үш айдан астам берешегі болса, мемлекеттік еңбек инспекторлары істі жеке сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіріп алуға береді", – деді спикер.
2025 жылдың 11 шілдесінде жалақы бойынша берешегі және еңбек құқықтарының бұзылуы анықталған кәсіпорын басшыларына 1951 міндетті ұйғарым шығарылғаны хабарланды. Сондай-ақ жалпы сомасы 233 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.