Бұл жағдай Қазақстанға қатынайтын рейстерге қалай әсер еткені жөнінде ҚР Көлік министрлігі түсінік берді.
Министрлік мәліметінше, техникалық ақау "Аэрофлот" компаниясының Ресей ішіндегі әуе тасымалдарын реттейтін ішкі IT-жүйелерінде болған. Алайда бұл ақау халықаралық бағыттарға, соның ішінде Қазақстанға бағытталған рейстерге әсер етпейді.
"Қазақстанға/Қазақстаннан қатынайтын рейстер қолданыстағы кестеге сәйкес орындалып жатыр. Рейстерді тоқтату жоспарланбаған", - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Соған қарамастан, Мәскеу – Астана – Мәскеу бағытындағы SU1962/1963 рейсі техникалық себептерге байланысты тоқтатылды.
"Барлық жолаушыға ескерту жасалды, олардың тасымалы SU1914/1915 рейсімен жүзеге асырылады. Рейс мәртебесі өзгерген жағдайда, барлық қызметтер қолданыстағы заңнама аясында көрсетіледі", - делінген министрлік хабарламасында.
Әуе компаниясы барлық жолаушыға өз рейстерінің мәртебесін алдын ала бақылап отыруды ұсынады.