Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жүргізуші куәлігін сатқан

Фото: Zakon.kz
Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

2023–2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.

Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін