Астанада жыл соңына дейін 22 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада алдағы үш жылда 1300 мектепті жаңғыртуды көздеейтін кең көлемді бағдарламаны жүзеге асыру қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, осы мақсатта 2025-2027 жылдарға арналған жоспар бойынша қалада 22 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Биыл салынғанына бірнеше онжылдық болған, тозығы жеткен 6 білім ошағы қайта жаңартылады.

Жөндеу жұмысы тек инженерлік желілер мен ғимарат құрылымын қалпына келтірумен шектелмей, оқу үдерісін заманауи талаптарға сай жабдықтауды да қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес, биыл №1, 14, 21, 35, 61, 69 мектептерін қайта жаңарту жоспарланған.

Аталған жұмыс "Жайлы мектеп" жобасы аясында жасалған объектілерді жарақтандыру стандарттары, техникалық сипаттамалары мен жобалық шешімдерін ескере отырып орындалатын болады.

Аталған мектептер 2000 жылдарға дейін салынған және соңғы 5 жылда күрделі жөндеуден өтпеген, сондай-ақ, олардың материалдық-техникалық базасы төмен тозу жағдайында тұр.

Дайындалған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, аталған мектептерде жылыту және желдету жүйелерін жаңғырту, су және кәріз желілерін жөндеу, сәулет-құрылыс бөлігі бойынша жұмыстарды жүргізу (шатырды жөндеу, қасбетті жаңарту, ішкі әрлеу, сондай-ақ ғимараттың негізгі қабаттарды ретке келтіру), қуат жабдықтары мен электр жарығын ретке келтіру, автоматты өрт дабылы жүйесі мен әлсіз ток желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, күрделі жөндеу аясында оқу сыныптарын қосымша жарақтандыру, сандық жабдықтарды сатып алу, жиһаздарды жаңарту, қауіпсіздік жүйесін орнату, сондай-ақ асханалар, кітапханалар, спорт және акт залдары мен басқа да үй-жайларды модернизациялау жоспарланған.

Бұған дейін Алматыда жұмысшылар газонды бояп тастағанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады