СҚО прокурорлары пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды сот тәртібімен жарамсыз деп таныды

Фото: freepik
Қадағалау органы талдау шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияларды заңсыз беруде көрініс тапқан өрескел бұзушылықтарды анықтады.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 25-бабына сәйкес елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға іргелес аумақтарда бір мың метр қашықтықта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

Кодекстің көрсетілген нормасын бұза отырып, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының лауазымды тұлғалары елді мекендердің жерлерінде орналасқан жалпы ауданы 44 га "Березовка" және "Шаховское" кен орындарында пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия берді.

Сондай-ақ, бұл учаскелер ішінара Орман кодексінің талаптарына қайшы келетін мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан.

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талап – арыздары бойынша сот жоғарыда аталған лицензияларды жарамсыз деп таныды.

Бүгінгі таңда сот актілері заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды