Есірткі сатқан петропавлдық тұрғын бас бостандығынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Петропавл тұрғынына есірткі сатқаны үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Наурыз айында Петропавл қаласында синтетикалық есірткіні сатты деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол тыйым салынған заттарды жасырын орындардан алып, кейін жеке байланыс арқылы сатып отырған.

Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері оның жанынан бір бума есірткі затын, ал автокөлігінен тағы 16 буманы тәркіледі.

Сараптама нәтижесі бойынша бұл – мефедрон. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 35 грамнан асты. Аса ірі көлемде есірткі сатқан үшін сот 8 жылға бас бостандығынан айыру және қылмыс жасау құралы болған Samsung смартфоны мен Audi автокөлігін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткіге қатысты 172 құқық бұзушылықты анықтады. Негізгі назар сату деректерін әшкерелеуге бағытталған.

Мұндай 86 факт тіркелді. Заңсыз айналымнан 86 келі есірткі тәркіленіп, екі ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз