Ақтауда 8 мыңға жуық студент жасанды интеллект негіздерін меңгерді

Фото: pixabay
Ақтауда жоғары оқу орында оқитын 8 мыңға жуық студент Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан "AI-SANA" ұлттық бағдарламасы аясында білім алды.

Олар қазақстандық және шетелдік арнайы курстар арқылы жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, оны оқуда тиімді пайдалануды үйренген.

Ал IT мамандығында оқитын студенттер сурет, видео, сайт жасап, код жазатындай деңгейге жетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Ендігі қадам – жасанды интеллектінің көмегімен аймақта экономиканың әр саласына арналған стартап жобаларды дайындау.

Сонымен қатар, университетте жаңадан "Жасанды интеллект және компютерлік ғылымдар" факультеті ашылған. 20 мұғалім "TechOrda" мемлекеттік бағдарламасы аясында курстан өтіп, нейросеть, машиналық оқыту, компьютерлік көру технологияларын меңгерді.

Ал оқу орнындағы технопаркте "01Edu" бағдарламасымен білім алуға 90 студент іріктелген.

"Келесі кезең – студенттеріміздің, әсіресе DeepTech бағытындағы стартаптарды дамыта білуі. Яғни жасанды интеллектіні тиімді пайдаланып, жоғары деңгейлі стартап-компаниялар құруға машықтануы. Болашақ түлектеріміз экономикаға араласқанда, жасанды интеллектіні айналып өтпей, оны өз жұмысына тиімді қолданып, жүзеге асыратын жобаларының сапасын арттырады." Ерлан Түргенбаев, технопарктің үйлестірушісі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады