Екібастұзда тыныштықты бұзған мотокөлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Фото: unsplash
Екібастұз ЖБО бейнекамералары көлік қозғалысының барысын жедел бақылайды, ізін суытпай құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге ықпал етеді.

Сонымен қатар бейнебақылау камералары полицейлер жұмысының тиімділігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың жедел жолын кесуге ықпал етеді.

Мысалы, түнде полицияға түнгі қала көшелерімен бір топ жастар мотоциклмен шу шығарып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

ЖБО қызметкерлері камералар арқылы олардың қозғалысын қадағалады. Азаматтардың тыныштығын бұзған жеті байкер М.Жүсіп – Пішембаев көшелерінің қиылысында тоқтатылды. Тыныштықты бұзғаны үшін әр жүргізуші жауапқа тартылады.

"Түнгі уақытта мотоцикл қозғалысы әрқашан азаматтардың тыныштығын бұзатын гүріл мен шуылмен бірге жүреді. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе мотоцикл жүргізушілері мұндай құқық бұзушылықтарға жол беріп жатады. Патрульдік полиция қызметкерлері мұндай бұзушылықтардың жолын кесуге бағдарланған", – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғали.

"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар белгіленген тәртіппен жауапқа тартылатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады