Мейірлан Раханов Абай облысы әкімінің орынбасары болды

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 1 тамызда Мейірлан Раханов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды экономикалық университетін (Қазтұтынуодағы) бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бастаған. 2012 жылы Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінде жетекші маман болып жұмыс істеген. 2012–2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында бас маман қызметін атқарған. 2013–2016 жылдары ҚР Ақпарат комитетінің баспа БАҚ басқармасында сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарған. 2016–2021 жылдары ҚР Президенті баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші, инспектор болған.

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.

2024 жылғы қаңтарда Мейірлан Раханов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі