Мейірлан Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Мейірлан Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 19:30 Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы қаңтардан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Ақпарат комитетін басқарған Мейірлан Раханов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 1 тамызда, ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Раханов Мейірлан Ақылбекұлы Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген primeminister.kz сайтында жарияланған хабарламада.

Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бастаған. 2012 жылы Қарағанды облыстық Салық басқармасында жетекші маман, кейін 2012–2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасында бас маман болып қызмет атқарды.

2013-2016 жылдары ҚР Ақпарат комитетінің баспа БАҚ басқармасында сарапшы, бас сарапшы болды. 2016-2021 жылдары ҚР Президенті баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші, инспектор қызметтерін атқарды. 2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың желтоқсанына дейін Президенттің баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болды.

2024 жылғы қаңтарда Мейірлан Раханов ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: