Жетісу облысында заңбұзушылықтарға байланысты қоқыс полигоны мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының Көксу ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Бұл жайтты өңірлік экологиялық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полигон мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз және қоршаған ортаға зиянды заттар шығаруға рұқсат алмай жұмыс істеген.

"Полигонды жабу, жерді қалпына келтіру және ластану деңгейін бақылау мақсатында міндетті түрде құрылуға тиіс жою қоры жасақталмаған. Оның үстіне, полигонда қоқыс жинау көлемі бекітілген лимиттен екі есе асып кеткен", - деп түсіндірді қадағалаушы орган өкілдері.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша полигон иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  328-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 340 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Полигон сенімгерлік басқарудан алынып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді