Алматыда бірнеше қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері мен Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктерден мүлік ұрлау бойынша бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1973 және 1981 жылы туған екі ер азаматты ұстады.

Екеуі де Алматы облысының тұрғындары.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер автокөліктердің пульттерінен берілетін сигналдарды сканерлеу арқылы көлік салонына кіріп, мүлікті ұрлаған.

Қазіргі уақытта полицейлер Алматы қаласында жасалған осыған ұқсас бес қылмыстық эпизодты анықтады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Тінту барысында ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі таңда басқа эпизодтар мен ықтимал сыбайластарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз бұл қылмыстық әрекетті толық ашуға және барлық қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуға ниеттіміз", – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Қосымша тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін