Алматыда полиция тонауға қатысы бар күдіктілерді құрықтады

Фото: Zakon.kz
Алматыда қылмыстық астары бар онлайн танысудың тағы бір оқиғасы ашылды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қала тұрғынына қатысты тонау қылмысын жасағаны үшін екі ер адам мен бір қыз баладан тұратын үш күдікті ұсталды.

Ер азамат танысу сайты арқылы бір қызбен танысып, оның үйіне барған. Әңгіме барысында қыздың таныстары келіп, жәбірленушіні қорқытып, оның жеке заттарын тартып алып, оқиға орнынан жасырынған.

"Күдіктілер ізін суытпай ұсталды.Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыстық тізбек бұған дейін де қаланың басқа аудандарында тіркелген. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде, әсіресе алғашқы кездесулерде, аса мұқият болуға шақырамыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады: бейтаныс адамдарға сенбеу, күмәнді мекенжайларға бармау және жаңа таныстармен кездесуге шыққанда жақындарына міндетті түрде хабарлау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі