Қазақстанда 2026 жылдан бастап қандай базарлар жабылуы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 5 тамызда Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев үкіметтегі баспасөз конференциясында Қазақстандағы базарларды жаңғырту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, базарлар бойынша реттеу және жаңғырту жұмыстары қажет, өйткені:

"Мұндай сауда орындарында бейберекетсіздік болмауы керек, олар көлеңкелі экономиканың ошағына айналмауы тиіс", – деді Арман Шаккалиев.

Министр базарларды жаңғырту бойынша бағдарлама қабылданғанын және:

"2026 жылдың соңына дейін бізде нақты нысандар мен олар бойынша қандай шаралар қабылданатыны көрсетілген жол картасы бар. 2026 жылға қарай осы картаға енген, бірақ жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмыс істемейтін болады", – деп атап өтті ол.

2025 жылғы 25 ақпанда Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдегендей:

Қазақстанда 644 базар бар;

Оның ішінде 156 базар жаңғыртылған;

2025 жылы тағы 100 базар жаңғыртылмақ, оның ішінде:

Астанада – 7 базар,

Алматыда – 10 базар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы