Астанада тағы бір көше қыркүйекке дейін ішінара жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанада көше қиылыстарының бірі 2025 жылдың қыркүйегіне дейін толығымен жабылады. Бұл туралы бүгін, 6 тамызда елорданың Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көше қилысының жабылуына жол жөндеу жұмыстары түрткі.

"Төле би көшесінің Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы аясында инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелерінің қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді. Осыған байланысты биылғы жылдың 7 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады", делінген басқарма хабарламасында.

Бұл ретте көлік қозғалысы сызбада көрсетілген бағытпен ұйымдастырылатын болады.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу сұралады. 

Бұған дейін Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі тамыз айының соңына дейін жабылатынын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты