Қандай жағдайларда қазақстандықтарға мемлекеттік қордан төлем жасалады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) жұмысынан айырылған азаматтарға маңызды ақпаратпен жүгінді. Оларға "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ тарапынан төленетін төлем туралы еске салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"МӘСҚ" АҚ Өтініштерді қарау департаментінің директоры Самал Тоқсанғазина жұмыстан айырылу бойынша төлемді кімдер ала алатынын және оның қандай көлемде тағайындалатынын түсіндірді.

"Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем қарастырылған... Бұл төлем жұмыстан босатылу себебіне қарамастан жүзеге асырылады және азаматты жұмыс іздеу кезеңінде қолдау мақсатында беріледі. Төлемнің мөлшері мен мерзімі әр адамға жеке есептеледі және соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысы мен (міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне) қатысу өтіліне байланысты болады. Төлем мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін."

Төлем тағайындаудың негізгі шарттары:

"Жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде төлемге өтінішті enbek.kz және egov.kz порталдары немесе карьера орталығы арқылы беруге болады. Егер сіз бұған дейін жұмыссыз ретінде тіркелген болсаңыз, egov.kz порталында, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары немесе ХҚКО арқылы өтініш бере аласыз", – деді Самал Тоқсанғазина.

Оның айтуынша, жұмыссыз қалған азаматтар төлемге өтінішті жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап 12 ай ішінде беруі тиіс.

"Әлеуметтік аударымдарды egov.kz порталында, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында немесе ХҚКО-да тексеруге болады. Қосымша ақпаратты қордың ресми сайтынан және әлеуметтік желілерінен алуға болады", – деп түйіндеді Самал Тоқсанғазина.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік төлемді 220,9 мың қазақстандық алған. Еңбек министрлігінің мәліметінше, жалпы төлем көлемі 62,2 миллиард теңгені құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты