Қарағандылық полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні құрыққа түсірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері автокөлік ұрлығына күдіктіні жедел ұстап, құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, 15 тамыз күні таңертең "102" арнасына Н. Әбдіров көшесіндегі үй ауласынан Toyota Carina автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түсті. Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында ақпарат дереу қаладағы барлық патрульдік экипаждарға жеткізілді.

Көп ұзамай іздестіріліп жатқан көлік Ерубаев көшесіндегі жанармай құю бекетінен байқалды. Полицейлерді көрген жүргізуші оқиға орынынан қашқан. Полиция қызметкерлері сол маңға жақын жерде жүрген қосымша нарядтарды жұмылдырып, қосымша күш пен кәсіби іс-қимылдардың арқасында көлік бөгеліп, күдікті ұсталды.

Көліктің басқаруында 26 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Көлік құралын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Астанада заңсыз айналым жүргізген ірі көтерме желінің қызметі тоқтағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді