Қарағанды облысындағы оқу-жаттығу жиынында 1300-ден аса әскери міндетті дайындықтан өтеді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
"Астана" өңірлік қолбасшылығының "Спасск" оқу-жаттығу орталығында ауқымды әскери жиын басталды. Дайындыққа Астанадан, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарынан азаматтар келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жиынның басты мақсаты – Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, жұмылдыру резервін қалыптастыру және аса сұранысқа ие әскери кәсіптер бойынша мамандар даярлау.

Жиынның барлық кезеңінде әскери міндеттілер қызмет етіп жүрген әскери қызметшілермен бірдей киім-кешекпен, толыққанды тамақпен және медициналық қызметпен қамтылады. Қатысушылардың жұмыс орындары мен лауазымдары сақталып, орташа жалақы төленеді. Жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.

"Жиында мерзімді қызмет барысында жинақтаған машықты жетілдіріп, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен танысамыз", – деп атап өтті Ақмола облысы Бурабай ауданынан шақырылған Жомарт Жұмабек.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қатысушылар 30 күн ішінде, атап айтсақ: офицерлер әскери басқару желісі бойынша, ал мамандар артиллерия, мотоатқыштар, танк, зенит, жөндеу және тыл бөлімшелері, сондай-ақ байланыс саласында қарқынды қайта дайындықтан өтеді.

Жиынның қорытынды кезеңі бөлімшелер, взводтар, роталар мен батальондар құрамындағы жауынгерлік үйлесімділікті көздейді. Оның барысында соңғы жылдары Қазақстан армиясындағы қару-жарақ пен техника айтарлықтай жаңарғаны, технологиясы және тиімділігі барынша ескерілді.

Елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды кезең болып саналатын оқу-жаттығу жиыны биыл тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды