Алматы облысында полиция қылмыс жасаған мас жүргізушіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полицейлер жолда қауіпті құқық бұзушыны дер кезінде тоқтатып, ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 тамыз күні Алматы–Алатау автожолында патрульдік полиция ротасының экипажы күдік тудырған Toyota автокөлігін байқап, тексеру үшін тоқтатты.

Тексеру кезінде рөлде отырған 29 жастағы ер адамның алкогольдік мас күйінде екені анықталды. Бұл дерек наркологтың медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Бұдан бөлек, жүргізушінің бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мас күйінде көлік жүргізу – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп. "Заң мен тәртіп" қағидаты жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, өзгелердің өміріне қауіп төндіретін әрбір адамға қатаң және сөзсіз қолданылады", - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды