Каспий теңізінде алып қара дақ табылды

Сурет: primeminister.kz
16 тамыз күні "Мөлдір әлем" жобасының экологтары Каспий теңізі акваториясынан аумағы 82 шаршы шақырым болатын ірі ластану ошағын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Каспийдегі Мөлдір әлем" жобасының қатысушылары Telegram-арнасында жазғандай, Sentinel-1A радиолокациялық суретінде алып, бөлшектенген қара дақ анықталған. Жоба өкілдерінің болжамынша, ол майдан немесе балық аулау қалдықтарынан тұруы мүмкін. Дақтың жалпы аумағы 82,51 шаршы шақырымға жеткен.

Сурет: Telegram/twworldkasp

Бұл із Құрық – Баку порттарын жалғайтын кеме жолының бойымен созылып, Қазақстан мен Әзербайжан секторларын қамтыған.

"Бұл енді судың бетіндегі кездейсоқ "лас жолақ" емес, Каспий картасындағы тұтас қара таңба", - деді "Мөлдір әлем" жобасының өкілдері.

Олар мұндай қалдықтар төгілуі жалғаса берсе, теңіз "шыдас бермей қалуы мүмкін" деп алаңдаушылық білдірді.

Айта кетейік, 12 тамызда Қазақстан үкіметі Каспий теңізі институтын дамытуға қаржы бөлген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео