NGS жобасы кейінгі жеті жыл бойы Алматыда табысты дамып келеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанадағы мектеп – тек желіні кеңейту емес, халықаралық стандарттарға сай флагмандық білім ордасын іске қосу.
Сурет: NGS
"Біз заманауи сәулеттік шешімдерді, үздік педагогтарды, қауіпсіз биометриялық ортаны, 390-нан астам камераны, жоғары технологиялы зертханаларды, цифрлық платформаны және жан-жақты дамуға арналған инфрақұрылымды біріктіретін кеңістік: 25 метрлік бассейн, кәсіби спорт залы, музыка және арт-студиялар құрып жатырмыз", - дейді мектеп өкілдері.
Сурет: NGS
NGS оқушылары кейінгі жылдары 6 мыңнан астам жеңіске қол жеткізіп, 320-дан аса әлемдік университеттен шақырту алған. Гранттар мен шәкіртақылардың жалпы көлемі 2 млн АҚШ долларынан асады. Тоғыз түлек "Алтын белгі" иегері атанса, 32 түлек үздік аттестатпен бітірген.
NGS мектептері күшейтілген академиялық бағдарлама мен мазмұнды қосымша үйірмелерге басымдық береді. Бұл дәстүрді NGS Astana жалғастырып қана қоймай, жаңа деңгейге көтермек. Сабақ күні таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады: төрт мезгіл тамақ, үй тапсырмасын орындау және 40-тан астам үйірмеге қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Әр оқушыға тәлімгерлердің қолдауы көрсетіледі.
Сурет: NGS
Жеті жыл ішінде NGS пәндік саралау, жеке оқу траекториясы және негізгі пәндерді тереңдетіп оқытуға негізделген жүйе қалыптастырды. Практикалық математика, логика, академиялық ағылшын және қазақ тілдері жетекші университеттердің талаптарына сәйкес оқытылады. Олимпиадалық дайындық бастауыш сыныптан бастап жолға қойылған: оқушылармен халықаралық жеңістері бар менторлар жұмыс істейді.
Сурет: NGS
Әр оқушының ата-анасына жетістіктері, ұсыныстары және ЖОО-ға түсу жоспары көрсетілген жеке даму картасы беріледі. Барлық ақпарат NGSmart деп аталатын бірегей цифрлық білім беру экожүйесінде біріктірілген: онда сабақ кестесі, үлгерім, онлайн төлем және басқа да қызметтер қамтылған.
Сонымен қатар, мектеп өмірінде NGS Parents Club – белсенді ата-аналар қауымдастығы маңызды рөл атқарады. Олар білім беру процесіне атсалысып, балаларға қолайлы ортаны бірге қалыптастырады.
NGS өкілдерінің пікірінше, жаңа флагман мектептің басты миссиясын күшейтеді – әлемдік университеттерде жетекші орындарға ие болып жатқан түлектер қауымдастығын қалыптастыру, ал бұл өз кезегінде елдің де, әлемдік экономиканың да дамуына үлес қосады.