Күніне 2000 телефон қоңырауы: Алматыда шетелдік алаяқтарға көмектескен екі азамат ұсталды

Сурет: Алматы прокуратурасы
Алматыда шетелдік интернет-алаяқтармен байланысқа түсіп, оларға заңгерлік көмек көрсеткен екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар 2025 жылдың 19 тамызында прокуратураның үйлестіруімен және "Қазақтелеком" АҚ-мен ынтымақтаса отырып, ҰҚКД және қаланың ПД жедел сүйемелдеуімен ұсталды.

"Тергеу мәліметтеріне сәйкес олар, шетелдік серіктестермен сөз байласып, интернет-алаяқтық схемасын іске асыру кезінде оларға заңгерлік көмек көрсеткен. Күн сайын осы схеманы пайдалана отырып, ақшалай қаражатты ұрлау мақсатында елдегі азаматтарға 2000-ға дейін қоңырау шалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы анықталуда",- делінген ақпаратта.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, белгісіз адамдардың қоңырауларына сенбеуге, дербес мәліметтері мен банк деректемелерін бермеуге шақырады. Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін еске салды.

Бұған дейін Маңғыстауда бұзақылық жасаған жасөспірімге рақымшылық жасалғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз