Журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Сурет: t.me/madenietaqparat
Белгілі журналист, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің, "Құрмет" орденінің иегері Айгүл Аханбайқызы дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Айгүл Аханбайқызының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

"Өмірден озғанына қарамастан, Айгүл Аханбайқызының жарқын бейнесі, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын", - делінген хабарламада.

Айгүл Аханбайқызы өз өмірін ұлттық журналистиканы дамытуға арнады. Ақпарат кеңістігінде айқын із қалдырған қаламгер студенттік шағынан бастап-ақ баспасөз саласында еңбек етіп, республикалық жетекші басылымдарда қалам тербеді.

"Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Айқын", "Халық сөзі", "Егемен Қазақстан" секілді газеттерде жауапты қызметтер атқарып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.

Zakon.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты