Астанада полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен екі ер адамды ұстады

Сурет: polisia.kz
Полицейлер Түркістан көшесінде күдік тудырған ВАЗ 2109 автокөлігін тоқтатты. Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ішінде болған 36 және 30 жастағы екі ер адамды есірткі сақтады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлікті тінту барысында жедел уәкілдер ақшыл-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 4 орамды тауып, тәркіледі. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл зат мефедрон есірткі құралы болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктілер есірткіні жеке тұтыну үшін әлеуметтік желі арқылы сатып алған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандарды медициналық куәландыру кезінде олардың есірткі затын қолданғаны анықталды. Осыған байланысты сот шешімімен олар жауапқа тартылып, Арнайы қабылдағышқа қамалды. 10 тәуліктік мерзім аяқталғаннан кейін, тергеу жүргізілгенше, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтап, жолын кескенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шымбұлаққа апаратын жолдағы шектеулер қашан алынады: мерзімі белгілі болды

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Джеки Чан Алматыға келеді: полиция күшейтілген дайындыққа көшті

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді