"Көшпенділер қаласы" Қонаев әкімдігінің меншігіне берілді: енді оның тағдыры қандай болмақ

Сурет: Қонаев қаласы әкімдігі
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының иелігінде болған "Көшпенділер қаласы" декорациялық кешені сыйға тарту шарты негізінде ресми түрде Қонаев қаласының меншігіне берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Көшпенділер қаласының" аумағы Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан, аумағы 5,8 гектар. Нысанның баланстық құны – 15,4 млн теңге. Алайда жылдар бойғы пайдалану барысында кешен айтарлықтай тозып кеткен: кейбір құрылыстары жарамсыз болып, бастапқы келбетінің бірқатар элементтері жойылған.

"Қалалық мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, енді бұл нысан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бекітілді. Жоспарда – туристік бағытты дамыту, кешенді қаланың визиттік карточкасына айналдыру бар. Оның күтімі мен ағымдағы жөндеуі үшін бюджеттен қаржы бөлінеді", – деді Қонаев қаласы әкімдігі.

Сурет: Қонаев қаласы әкімдігі

Әкімдіктегілердің айтуынша, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары басталып кеткен. "Көшпенділер қаласына" дейін ұзындығы шамамен 7 шақырым болатын жаңа жол салынып жатыр. Сонымен қатар жоба аясында электр беру желісін тарту, жол бойын жарықтандыру және автотұрақ ұйымдастыру көзделген. Жолдың ені – 7 метр, екі жолақты болады. Құрылыс жұмыстарына 41 маман мен 24 техника тартылған. Жол құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Бұған дейін Алматыда Салықов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қонаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды