Табыс пен мүлік туралы декларацияның нысаны өзгертіледі

Сурет: freepik
Қаржы министрінің табыс пен мүлік туралы жеке тұлғалардың декларация нысандарына және оны жасау ережелеріне түзетулер енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, (ф.270.00) "Жеке тұлғаның табыс пен мүлік туралы декларациясын жасау ережелері" бекітіледі. Бұл түзетулер жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңінің күшін жоюына байланысты декларация тапсыратын тұлғалар санатын өзектендіруді, сондай-ақ декларацияда мүлікті сатып алу/өткізу туралы мәліметтерді және сатып алуға жұмсалған шығыстардың көздері жөніндегі ақпаратты көрсетуге міндетті тұлғалар санатын толықтыруды қарастырады.

Жобаның күтілетін қысқа мерзімді нәтижесі (1 жыл) – жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі алынып тасталуына байланысты декларация тапсыратын тұлғалар санатын өзектендіру, мүлік сатып алу/өткізу мен шығыстар көзін көрсетуге міндетті тұлғалар санатын толықтыру, сондай-ақ жеке тұлғаларға табыс пен мүлікті міндетті декларациялау аясында табыстарын өз бетінше көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Орта мерзімді нәтиже (2–3 жыл) – толықтырылған санаттар бойынша жеке тұлғалардың табысы мен мүлкі жөнінде статистикалық деректер жинақтау, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыру.

Ұзақ мерзімді нәтиже (3–5 жыл) – жеке тұлғалардың табыс пен мүлкін жасыру деңгейін төмендету, бюджетке салық түсімдерін көбейту және қаржы жүйесіне деген сенімді нығайту.

Құжат 16 қыркүйекке дейін көпшілік талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі