Қазақстанда бұрын жасалған 430 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 179 адам ұсталды

Сурет: pexels
ІІМ "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күні ішінде еліміз бойынша 23 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 11,5 мыңнан астам жалға берілетін пәтер, 8,2 мың жайылымдық телім, шаруа және фермерлік қожалықтар, 22 мыңнан астам жеке қару иесі және қару айналымы саласындағы 500-ге тарта заңды тұлға тексерілді.

Күшейтілген шаралардың нәтижесінде бұрын жасалған 430 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 179 адам ұсталды.

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 400 адам ұсталды, олардың ішінде:

40 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, олардың ішінде: ұсақ бұзақылықтың 510 фактісі, спирттік ішімдіктер ішудің және қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 3642 фактісі, тыныштықты бұзудың 1586 дерегі тіркелді.

Үш күн ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 266 фактісі анықталды.

Көші-қон саласында 9 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Заңнаманы бұзғаны үшін 425 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Полиция профилактикалық есепте тұрған адамдарды бақылауға ерекше назар аударады. Есепте тұрған 43 мыңнан астам адам тексерілді, олардың қатарында шартты мерзімінен бұрын босатылғандар, сондай-ақ мінез-құлқына арнайы талаптар қойылған және әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар бар.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңдарды сақтауға, мұқият болуға әрі бейжай қарамауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды