Астанада кейбір ұйымдардың жұмыс кестесі көлік кептілісін болдырмау үшін өзгереді

Сурет: Астана әкімдігі
Астанада 15 қыркүйектен бастап коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компаниялардың жұмыс күні басталу уақытын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл шара жол қозғалысын жеңілдетуге және көлік ағынын оңтайландыруға бағытталған.

"Бұл, негізінен, қаланың орталық аудандарында орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға қатысты болады. Ал әлеуметтік нысандардың – мектептер, медициналық мекемелер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі өзгеріссіз қалады", - деп атап өтті әкімдік.

Мұндай шаралар таңертеңгі уақытта көлік ағынын біркелкі бөлуге және қаланың ең жүктелген магистральдарындағы қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар көшедегі көлік қозғалысын басқару күшейтіледі, атап айтқанда, тыйым салынған жерлерде көлікті тоқтату мен қою ережелерін бұзу фактілеріне қатаң бақылау жасалады.

Әкімдік өкілдері ережені өрескел бұзғандардың көліктері айыптұраққа эвакуацияланатынын айтты. Сондай-ақ жаңа жылдамдық дәліздері мен қоғамдық көлік маршруттарын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай тәжірибе басқа мегаполистерде де қолданылады және оң нәтиже көрсеткен.

Алдын ала есептеулер бойынша, енгізілетін шаралар кешені таңертеңгі және кешкі уақытта жолдардағы жүктемені 15-20%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл қадам экологиялық жағдайға да оң әсер етіп, қалалық мобильділіктің жалпы сапасын арттыра алады.

Қазіргі уақытта Астананың түрлі аудандарындағы көлік ағымына кешенді талдау жүргізіліп жатыр. Жұмыс күнінің басталу уақытын ауыстырудан бөлек, басқа да шаралар қарастырылуда – мысалы, кейбір ұйымдар үшін түскі үзіліс немесе жұмыс күнінің аяқталу уақытын өзгерту.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты