Астанада жеке сот орындаушылары 26 миллион теңге мемлекеттік қаражатты құмар ойындарға жұмсаған

Фото: pexels
Астаналық жеке сот орындаушылары айыппұлдарды төлеуге арналған бюджет қаражатын иемденіп, оны құмар ойындарға жұмсаған. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елордалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство таратқан ресми хабарламаға сәйкес, екі жыл бойы аталған тұлғалар сот актілерін орындаудың және мемлекеттік қазынаны толықтырудың орнына, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бюджет қаражатын иемденіп, оны жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде құмар ойындарға қатысуға жұмсаған.

Сол сияқты, олар жеке және заңды тұлғалардың қаражатын да иемденіп, заңсыз иеленген.

"Қала прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлды өтеуге арналған қаражатты жымқыру фактілерін анықтады." Астана қаласының прокуратурасы

Олар екі жыл бойы сот актілерін орындап, мемлекет қазынасын толықтырудың орнына, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қаражатты иемденіп, жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға қатысуға жұмсаған.

Сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған.

Жалпы шығын 26 млн теңгеден асты.

Сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кейін олар келтірілген шығынды толығымен өтеді.

Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Өз кезегінде, осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін уәкілетті органға қарыз сомасын тікелей өндіріп алушыларға аудару және атқарушылық санкцияны есептеу үшін жасанды интеллектті пайдалану ұсынылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді