Құжатта міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақты қатысушыларына қатысты әлеуметтік әділеттілік қағидатының бұзылғаны, сондай-ақ жүйенің қаржылық тұрақтылығының әлсірегені көрсетілген. Бұл жақын болашақта сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету мүмкіндігінің жойылуына және ағымдағы және болашақтағы төлемдер бойынша міндеттемелердің мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру қажеттілігіне алып келуі мүмкін.
Құжатта сондай-ақ келесілер атап өтілген: Атаулы әлеуметтік көмектің жеткіліксіз түрде нақты және дәл бағытталуы, өйткені азаматтардың нақты табыстары мен шығындары толық есепке алынбайды. Мемлекеттік толық қамтамасыз етудегі кейбір алушыларға зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу кезінде бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі теңгерімсіздікке әкелген негізгі себептер:
- 2018–2024 жылдар аралығында әлеуметтік аударым мөлшерлемесінің 3,5%-ға дейін төмендетілуі;
- 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан міндеттемелерді орындау үшін
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан (МӘСҚ) 497 млрд теңгенің инвестициялық портфелінен қаражат алынуы;
- Бала күтімі бойынша төлем мерзімінің 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылуы, бірақ сақтандырумен қамтылмауы;
- Әлеуметтік аударымдардың түсімі мен әлеуметтік төлемдердің көлемі арасындағы кассалық алшақтық (2021 жылдан бастап бірнеше жыл қатарынан байқалады).
- Жыл сайын әлеуметтік төлемдердің 80%-дан астамы аналыққа байланысты екі тәуекелге бағытталады:
- Жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер (ЖБТ);
- Бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтім жасау кезеңіне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер (БКТ).
Әлеуметтік төлемдер бойынша шығындардың едәуір өсуіне не себеп болды
Атап өтілгендей, жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемдер бойынша шығындардың күрт өсуіне бірқатар "адал емес" кәсіпкерлер мен өтініш берушілердің әлеуметтік төлемдерді ең жоғары мөлшерде алу үшін "күмәнді схемаларды" қолдануы ықпал еткен.
Мұндай схемаларда іс жүзінде жұмыс істемейтін тұлғалар әлеуметтік тәуекел (мысалы, жүктілік) туындағаннан кейін, өздері үшін бірнеше жалған жұмыс беруші арқылы артқа мерзіммен (кейінге шегеріп) ең жоғары табыстан (7 ЕТЖ) әлеуметтік аударымдар енгізіп,
тұрақты түрде жүйеге қатысатын аналар (әсіресе, қосымша жұмыс істеуге тыйым салынған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда еңбек ететіндер) алатын төлемдерден бірнеше есе жоғары сомалар алған.
Бұл кассалық алшақтық әлеуметтік төлемдерді уақытылы қаржыландыру үшін Қор активтерін қысқартуға мәжбүр етті.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығына бірқатар факторлар қатер төндірді.
Актуарлық бағалауға сәйкес, қаржылық тұрақтылықтың бұзылуы 2028 жылы орын алуы мүмкін.
Осыған байланысты, қазіргі таңда қалыптасқан қаржылық дестабилизация жағдайы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты жедел параметрлік өзгерістер қабылдауды талап етеді.
Осы мақсатта әлеуметтік төлем жүйесін тұрақтандыру және әлеуметтік төлем алушылар тарапынан жасанды табыс арттыруды болдырмау үшін Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізу жобасы әзірленді. Жоба аясында:
1. ЖБТ (жүктілікке және босануға байланысты төлем) мөлшерін есептеу кезінде табысты шектеу:
Әлеуметтік төлем мөлшерін есептегенде, бір немесе бірнеше жұмыс берушіге қарамастан, орташа айлық табыс 7 ең төменгі жалақы (ЕТЖ)-ден аспауы тиіс.
Яғни, ЖБТ-ның ең жоғары мөлшері = 7 ЕТЖ × еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты коэффициент.
2. Әлеуметтік тәуекел туғаннан кейін аударылған әлеуметтік төлемдерді есепке алмау:
Әлеуметтік тәуекел (мысалы, жүктілік) басталған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар ЖБТ мөлшерін есептеу кезінде есепке алынбайды.
3. ЖБТ (жүктілікке және босануға байланысты төлем) және БКТ (бала күтіміне байланысты төлем) алушыларды жұмыссыз ретінде тіркелуге жататын адамдар санатынан алып тастау
Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін, бала туу, асырап алу (қыз не ұл бала), немесе 1,5 жасқа дейін бала күтімін жүзеге асыру кезінде жоғалған табыстың бір бөлігін өтеу – балалар бар адамдарға (отбасыларға) арналған тиісті әлеуметтік төлеммен қамтамасыз етіледі.
4. Жұмыс берушінің өтінімі бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына немесе кәсіби оқуға жіберілген жағдайда табыстан айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің (ТАБТ) тоқтатылуы
Яғни, егер алушы субсидияланатын жұмысқа немесе жұмыс берушінің сұранысы бойынша кәсіптік оқуға жіберілсе, онда оған табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер төлеу тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пікірінше, ұсынылып отырған тәсілдерді іске асыру: жүйеге қатысушылар алдындағы сақтандыру міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
МӘСҚ (Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры) қаражатын әділетті бөлуге мүмкіндік береді;
- қор резервтерінің көлеміне оң әсер етіп,
- жүйенің қаржылық тұрақтылығын 2032 жылға дейін қамтамасыз етуге жол ашады.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 24 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына орналастырылған.