Қазақстандықтар үшін 13 маусымнан бастап халықаралық жаңа әуе бағыты ашылады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 10:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өзбекстанның "My Freighter" (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашады. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 12 маусымда ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 13 маусымынан бастап Өзбекстандық "My Freighter" (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) "Airbus 320" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Бұған дейін 2026 жылдың 12 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе тасымалдаушысы – "FlyOne Armenia" әуе компаниясы қосылғанын жазғанбыз. Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: