Павлодар облысы республикалық бюджеттен субвенция алуды тоқтатады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 3 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста "2026-2028 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Палата депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасында өңірлерге трансферттер көлемі қарастырылған. Өңірлер республикалық бюджеттен субвенциялар алады.


"Заң жобасына сәйкес, 2026 және 2027 жылдары субвенциялық өңірлер саны 17, ал донорлар саны 3 болады – Атырау облысы, Алматы және Астана. 2028 жылы 15 субвенциялық өңір және 4 донор болады, оның ішінде Маңғыстау облысы бар. Павлодар облысы республикалық бюджеттен субвенция талап етпейтін өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірге айналады", – деді Татьяна Савельева.

Бұған дейін біз Ұлттық қордан шығындардың түсімнен екі есе асқанын жазған едік.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды