Екібастұзда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Фото: Zakon.kz
Көлік құралын мас күйінде басқару – қылмыс. Мұндай жағдайда жүргізуші жолда болып жатқан жағдайды дұрыс бағалай алмайды, бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін апатты жағдай туғызуы ықтимал.

Мысалы, Екібастұз қаласында Кеншілер көшесі бойында патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары Mersedes-Benz көлігін байқап, оның жүргізушісі күмән тудыратындай әрекет еткенін анықтаған.

Көлікті тоқтатқан кезде жүргізушіден өткір алкоголь иісі шыққандықтан, оны медициналық куәландыруға жіберген.

Медициналық қорытындыға сәйкес, 33 жастағы жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйінде болғаны анықталды.

Сонымен қатар құжаттарды тексеру барысында полицейлер бұл азаматтың 2023 жылдың сәуір айында көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғанын анықтады.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицейлер көлік құралын мас күйінде басқарудың мыңнан астам дерегін анықтады. Осыған орай тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды