Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

Сурет: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы
2025 жылғы 9 қыркүйекте Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық І сессиясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Әсел Мұратқызы Джалғаспаева төрағалық етті.

Сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында берген тапсырмаларының орындалуы талқыланып, аудандағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстар сараланды.

Сурет: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы

Жиында Ұйғыр ауданының әкімі, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бота Серікқызы Елеусізова сөз сөйлеп, Ассамблеяның қоғамдағы рөлі мен стратегиялық маңызына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнет Сәдіұлы Керімқұлов, ҚХА мүшесі Ришат Лекимжанович Розахунов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлжахан Кәкішқызы Аликеева және Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Арлен Сеналұлы Османов баяндама жасады.

Сурет: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы

Жастар тарапынан аудандық Ассамблея жастарының төрайымы Ақжан Тілеубердіқызы Сегізбаева сөз алып, қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты сақтауда жастардың белсенділігі ерекше екенін атап өтті.

Сурет: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы

Сессия соңында қатысушылар сұрақ-жауап алаңында пікір алмасып, іс-шара қорытындыланды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады