ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция заң тәртібіне ғана емес, аймақ экологиясына да қатер төндірген қылмыстық әрекеттің жолын кесті. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған.

Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

"Қорқынышпен өмір сүріп, соққы мен қорлыққа шыдаған": Алматыда бес баланың анасы өзіне қол жұмсамақ болды

Қазақстанда бірнеше жұмысты қатар істеуге бола ма: заңда қандай талаптар бар