Қауіпті тротуарлар: Алматыда самокатшылар жұдырықтасып қалды

Фото: Zakon.kz
Самокат мінгендер жаңалықтар лентасының тұрақты "кейіпкерлеріне" айналды. Бұл жолы екі самокатшы Алматыдағы Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында жолды бөлісе алмай, жанжалға түсті. Ер адамдар сөзбен мәселені шеше алмай, ақыры жұдырыққа жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кейбір пікір қалдырушылар мәселені түбегейлі шешу үшін мұндай көлікті мүлдем алып тастауды ұсынса, енді біреулері: "Бұл – біздің менталитет, қоғам және инфрақұрылым мәселесі", – деген ой білдірді.

Zakon.kz тілшісі оқиғаға байланысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомствоның хабарлауынша, Ауэзов ауданы полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

"Тротуарда орын алған жанжалдың қатысушылары ұсталып, заңның қатаң талабы бойынша жауапқа тартылады. Әрқайсысының әрекетіне нақты құқықтық баға беріледі", – деп атап өтті Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғаушылар мұндай тәртіпбұзушылықтарды жол беруге болмайды деп есептейді және оларды қатаң түрде тоқтататынын мәлімдеді.

Өкінішке қарай, самокатшылардың қатысуымен болған оқиғалар жиі қайталануда. Мәселен, 2 қыркүйекте Алматыда екі жасөспірім самокатпен келе жатып, бала арбасына соғылған. Абырой болғанда, сәби зардап шеккен жоқ.

Ал бүгін, 9 қыркүйекте қалалық полиция самокаттарға қатысты жағдайға есеп берді.

Ауқымды рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде бір тәулікте 800-ден астам (жыл басынан бері 16 мыңнан аса) жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.

Оның ішінде:

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында заңнамалық өзгерістердің электросамокаттар мәселесін түбегейлі шешпегенін, қазақстандықтардың әлі де қауіпке ұшырап отырғанын атап өтті.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды